Мадина Сәдуақасова өзі жайлы ел білмейтін 5 факт айтты

Ол екі жыл бойы дзюдоға қатысқанын мәлім етті.

Мадина Сәдуақасова өзі жайлы ел білмейтін 5 факт айтты
instagram.com/sadvakasovamadina

Әнші Мадина Сәдуақасова өзі жайлы көпшілік біле бермейтін деректерін бөлісті. Бұл туралы turkystan.kz «Harper’s BAZAAR Kazakhstan» басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Өнер иесі бұл құпиясын Instagram-дағы парақшасында да бөлісті.

 «Бірінші, екі жыл бойы мен дзюдомен кәсіби түрде айналыстым. Екінші, Дубайдан көйлек сатып алу үшін алғашқы автокөлігімді сатып жібергенмін. Үшінші, орыс мектебін тәмәvдағанмын. Төртінші,  2012 жылы «Техас штатының Құрметті азаматы» атағын алған болатынмын. Бесіншісі, мектеп кезден бастап 20-22 сантиметрлік биік өкшелі туфли киемін», - дейді өнер иесі.