Батыр Жүкембаевтың қарсыласы белгілі болды

Қарсыласы француз боксшысы – Мұхамед Мимун

Батыр Жүкембаевтың қарсыласы белгілі болды
sports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) твиттердегі парақшасында алдағы кездесуі туралы ақпарат жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Онда жекпе-жектің 13 желтоқсан күні өтетіні жазылған. Батырдың қарсыласы француз боксшысы – Мұхамед Мимун (23-5, 4 КО).

Бокс кеші Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида штаты) өтеді. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.