Қазақстандық боксшылар жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тағы екі медаль иеленді

Нығман мен Сариева құрлық біріншілігінің жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдеге кепілдік берді.

Қазақстандық боксшылар жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тағы екі медаль иеленді
Фото: sports.kz
1179

Бүгін Қазақстан құрамасынан екі боксшы Ереван қаласында (Армения) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлдар арасында 48 келі салмақта сынға түскен Нығмет Нығман Тәжікстан өкілі Мансурхужа Муминовты 3:2 есебімен ұтса, қыздар арасында 52 келідегі Айша Сариева мексикалық Паола Хиль Каррерадан басым түсті – 4:0. Осылайша Нығман мен Сариева құрлық біріншілігінің жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдеге кепілдік берді.

Бүгін қазақстандық Игорь Соловьев (75 келі), Ақбота Есімбекова (70 келі) және Аружан Зейноллаева (75 келі) жартылай финалға өте алмады.

Серіктес жаңалықтары