Алматыдағы қайғылы оқиға: Дәрігерлер зардап шеккендер туралы айтты

Зардап шеккен 2 адам ауруханаға жеткізілген.

Алматыдағы қайғылы оқиға: Дәрігерлер зардап шеккендер туралы айтты
ТЖД
1391

Алматыдағы Әди Шәріпов көшесіндегі өрттен зардап шеккен 2 адам қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, науқастың біріне көмірқышқыл газына улану диагнозы қойылды.

«Оның жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты деп бағаланып отыр. Екінші науқас барлық тексеруден кейін ұсыныстармен амбулаторлық емделуге жіберілді», - деп хабарлады ведомстводан.

Дәрігерлердің айтуынша, барлық зардап шеккен адамға толық көлемде қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілетін болады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары