Обаманың кітабын жариялау құқығы $60 млн тұрады

Обаманың кітабын жариялау құқығы $60 млн тұрады

Обаманың кітабын жариялау құқығы $60 млн тұрады
ашық дереккөзі

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама мен оның жары Мишель Обаманың естеліктерін жариялау құқығына әлемдегі ең ірі үш баспа таласуда, деп жазады Financial Times .

Басылымның хабарлауынша, жақын күндері авторлар өз естеліктерінен тұратын кітаптарын жазып бітіреді. Ал оны жариялау құқығын иеленетін баспамен келісімшартты Financial Time «ғасыр келісімшарты» деп атап отыр. Себебі Барак Обама мен Мишель Обама екеуінің екі кітабын жариялау құқығы $60 млн тұрады.

Әзірге аталған құқыққа әлемдегі ең ірі үш баспа үмітті. Олар — Обаманың бұрынғы 3 кітабын шығарған Penguin Random House,  Simon & Schuster мен Руперт Мердоктың баспалары.