Шымкентте бала күтуші жұмыс берушінің алтын бұйымын ұрлап кеткен

Залал сомасы 300 мың теңгені құрады.

Шымкентте бала күтуші жұмыс берушінің алтын бұйымын ұрлап кеткен
freepik.com
1028

Шымкентте бала күтуші жұмыс берушінің алтын бұйымын ұрлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Шымкенттік отбасылардың бірінде күтуші болып жұмыс істейтін 20 жастағы қыз алтын бұйымдарды ұрлап кеткен: 2 сақина мен сырға. Залал сомасы 300 мың теңгені құрады.

«Ол ұрланған алтынды ломбардқа тапсырып, түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Сот қызды қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша оған тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылау белгілей отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

«Қазіргі уақытта сотталған Абай ауданының пробация қызметінің есебінде тұр, оған құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Сотталған келтірілген залалды толық өтеді», – деді Абай ауданының ПҚ инспекторы Талант Смағамбетов.
 

Серіктес жаңалықтары