Екінші ұлын босанған Ерке Есмахан қазіргі жағдайын бөлісті

Ерекше отбасылық сәтін Instagram парақшасында бөліспеген.

Екінші ұлын босанған Ерке Есмахан қазіргі жағдайын бөлісті
ашық дереккөз

Жақында екінші рет ана атанған отандық әнші Ерке Есмахан ұлымен бірге перзентханадан үйге келгенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Бірақ әнші ерекше отбасылық сәтін Instagram парақшасында бөліспеген.

«Сәлем достар. Біз үйге келіп алғанбыз және суреттегідей жағдай басталып кетті. Туа салып, мына Ерке құтырып кетті ғой демесін деп, көз тимесін деп үлкендерді тыңдап, кішкене инста әлемнен алшақтадым. Ертең барлығын айтып көрсетемін. Іздеп жатқан жандарға рахмет. Бізде бәрі керемет, Аллаға шүкір» деп жазды Ерке Есмахан.