Қауіпсіз қоғам құру – басты қағида

«Қауіпсіз қоғам» акциясы ел Президенттінің «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру бағытында ұйымдастырылып отыр.

Қауіпсіз қоғам құру – басты қағида
901

«AMANAT» партиясының еріктілері өткен аптадан бастап аймақтардағы Жергілікті полиция департаментімен бірлесіп «Қауіпсіз қоғам» акциясы аясында профилактикалық рейдтер жүргізіп жатыр.

Бұл іс-шаралар қоғам арасында «тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» қағидасын нығайту, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті қолдау мақсатында өткізіліп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, акция жедел жағдайды жақсартып, полицияның құзыреті шеңберінде халыққа көмек көрсетуге бағытталған дейді.

«Жастар Рухы»-мен бірлескен акцияның барысында Петропавл қаласында 556 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Мобильді топтарға тиісті нұсқаулықтар беріп, бірігіп жұмыс істеудеміз. Бірлескен жұмыстың нәжесінде біраз құқық бұзушылықтардың алдын алып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз», – дейді полиция полковнигі.

Осы ретте акция аясында 4 бағыттан тұратын «Есірткіге жол жоқ!» жобасының рейдтері ұйымдастырылуда. Жыл басынан бері жүргізілген арнайы рейдтер барысында барлық 20 өңірде 1000-нан астам еріктілердің қатысуымен 5 000-нан астам граффити анықталып, жойылған болатын. Дәл осындай рейдті Өскемен қаласының тәртіп сақшылары мен еріктілер өткізді. Сондай-ақ мобильді топ пробация қызметінің есебіндегі адамдарды қабылдап, есепте тұрған қала тұрғындарына жұмысқа орналасу бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетті.

Ал Қостанайда үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, «Жастар Рухы» мүшелері, психологтар мен адвокаттардың қатысуымен «Әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық, алимент, айыппұлдар және оларға салынатын жазалар талқыға түсті. Сондай-ақ аймақтарда балалардың қауіпсіздігі де тыс қалмауда. 

Сондай-ақ Астана қаласы Алматы ауданы аумағында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтардың түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайында болу-болмауын тексеруден өткізді. Есептегі тұлға тұрғылықты мекенжайында болмаған жағдайда ескерту парағы толтырылып, түсініктеме алынды.

Сонымен қатар арнайы жасақталған мобильді топ мүшелері есепте тұрғандарға бақылау жасау, базарлар мен жалға алынған пәтерлерді аралау, заңнаманы бұзған фактілерді анықтау кезінде қолайсыз отбасыларға бару жүзеге асырылуда. Сондай-ақ компьютерлік клубтар, көңіл көтеру орындары мен мейрамханаларда кәмелетке толмаған жастардың жүруіне жол бермеуін полицейлер мен Жастар қанатының өкілдері жіті бақылауда.

Серіктес жаңалықтары