Ақмола облысында жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімдер анықталды

Қазір қылмыстық қудалау органдары тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Ақмола облысында жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімдер анықталды
vlast.kz
782

Ақмола облысы прокуратурасы «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына жалған құжатпен қатысқан бірнеше адам анықталды. Барлығы жеңілдікпен миллиондап ақша алған.

Ауылға жалған дипломмен жұмысқа барған мамандар бірнеше облыста бар болып шықты.

«Мәселен, 2021 жылы «К» жалған диплом бойынша Атбасар ауданының оқу орнында биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан. 2022 жылы үй алу мақсатында, сол жалған дипломды пайдаланып, бағдарламаға қатысқан (4,9 млн теңге алды). Осындай схеманы білім беру саласындағы тағы 12 «маман» пайдаланған. Залалдың жалпы сомасы 30 млн теңгеден асты, - делінген хабарламада.

Қазір қылмыстық қудалау органдары тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. ҚПК-тің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы 2009 жылдан бастап бүкіл ел бойынша іске асырылуда. Ол ауылдық жерде еңбек етуге ниет білдірген мамандарға жеңілдікпен несиелер мен өтеусіз жәрдемақылар алуға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары