Әйгілі футбол жаттықтырушысы өмірден өтті

Бас бапкер ретінде ол "Тоттенхэммен" Англия Кубогы мен Суперкубогын (1991), ал "Барселонамен" Испания чемпионатын (1985) және Лига Кубогын (1986) жеңіп алған.

Әйгілі футбол жаттықтырушысы өмірден өтті
Сурет: Ben Radford/Allsport

Англия футбол құрамасының, "Тоттенхэм" мен "Барселона" клубтарының  бұрынғы бас бапкері Терри Венаблс 81 жасында өмірден өтті, деп хабарлады Англия премьер-лигасы клубының баспасөз қызметі.

Ойыншы ретінде Венаблс "Тоттенхэмде" 141 матч өткізген, сонымен қатар "Челси" және «Кристал Пэлас» сапында доп тепкен.

Бас бапкер ретінде ол "Тоттенхэммен" Англия Кубогы мен Суперкубогын (1991), ал "Барселонамен" Испания чемпионатын (1985) және Лига Кубогын (1986) жеңіп алған.

Ағылшын футбол қауымдастығы және ол жаттықтырған клубтардың бірі "Тоттенхэм" Венаблеске құрмет көрсетті. Англияның бұрынғы капитаны Гари Линеккер оны "мен үшін ең жақсы, ең инновациялық жаттықтырушы" деп еске алды.