27 қараша күні ауа райы қандай болады?

Ертеңге арналған ауа райы болжамы жарияланды

27 қараша күні ауа райы қандай болады?
Ашық дереккөз
815

"Қазгидромет" 27 қараша күні ел аумағында болатын ауа райына болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан Республикасының батысында және солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн райы тұрақсыз болып қала береді, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Республиканың қалған бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде көктайғақ болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Атырауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстік-шығысында таңертең және күндіз көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Астанада 15 м/с екпінмен жел соғады, жол көктайғақ болады.

Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Желдің екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді. Көкшетауда да жолдарда көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында тұман болады.

Маңғыстау облысының батысында және солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады. Жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Серіктес жаңалықтары