ҚФФ президенті Магомед Адиевке көлік сыйлады

Қазақстан құрамасы наурызда Ұлттар лигасы арқылы тағы да бағын сынап көреді

ҚФФ президенті Магомед Адиевке көлік сыйлады
magomedadiev Instagram

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиевке көлік кілтін табыстады, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Жаттықтырушы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, бағалы сыйлық үшін алғысын білдірді. 

«Бапкер және команда ретінде жанкүйерлер алдында тиісті межені орындамағанымызды білемін, тиісінше бұл сыйлыққа толық лайықтымын деп айта алмаймын. Әріптестерімізбен бірге футболдан Еуропа чемпионатына шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Алда үлкен жұмыс күтіп тұрғанын сеземіз, сол үшін де өзіміздің сүйікті спортымыз — футболдағы мақсатымыздың орындалуы үшін аянып қалмаймыз. Бұл сыйлықты бағалаймын, ол мен үшін мотивация ғана емес, еліміз бен халқымыз алдындағы міндетімді есіме түсіріп тұратын сый болмақ. Сенім мен қолдау үшін барлығыңызға алғыс», — деп жазды Магомед Адиев.