«Қазақмыс» фабрикасында жұмысшы көз жұмды

Оқиға бүгін, 22 қарашада болған.

«Қазақмыс» фабрикасында жұмысшы көз жұмды
Фото: azh.kz

 

«Қазақмыс» компаниясы 22 қараша күні №2 Жезқазған байыту фабрикасында жазатайым оқиға болғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Конвейер механизмімен қысылу нәтижесінде 1980 жылғы конвейер машинисі өлімге алып келген жарақат алды. Жедел жәрдем қызметкерлері жарақат алушының қайтыс болғаны жайлы мәлімдеді. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», - делінген хабарламада.