«JOLTAP» жобасы: елорда тұрғындары қандай мамандықтарды тегін оқи алады?

Қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы тек Астана қаласының 18 бен 50 жас аралығындағы тұрғындарына қолжетімді.

«JOLTAP» жобасы: елорда тұрғындары қандай мамандықтарды тегін оқи алады?
Астана әкімдігі
825

«JOLTAP» жобасы аясында елорда тұрғындарының жұмысшы мамандықтары бойынша қысқа мерзімді оқудан өтуге мүмкіндігі бар, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«JOLTAP» жобасы аясында оқыту тегін жүргізіледі. Қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары жетекші салалық кәсіпорындардың стандарттарына негізделетін болады.

Жоба аясында мынадай жұмысшы мамандықтарын меңгеруге болады:

• Наубайшы;
• Бариста;
• Сатушы-кассир;
• Қоғамдық тамақтану қызметкері;
• Жеке тапсырыс тігіншісі;
• Тігін жабдықтарының операторы.

«Жұмысшы мамандықтары экономикалық өсу мен әлеуметтік дамудың негізін құрайды. Біз сіз таңдаған мамандығыңызды меңгеру үшін қажетті құралдар мен ресурстарды қамтамасыз етеміз. Қазіргі уақытта оқу орындарында жөндеу жүргізілуде, оның аясында тиімді оқытуға қажетті заманауи құрал-жабдықтарды орнату жұмысы жүріп жатыр», - деп Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, JOLTAP жобасының жетекшісі Дана Жүнісова атап өтті.

Жұмысшы мамандықтарына қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы тек Астана қаласының 18 бен 50 жас аралығындағы тұрғындарына қолжетімді. Барлық сабақ арнайы оқу сыныптарында өтеді. Оқытудың басталуы туралы толық ақпарат Instagram желісіндегі @joltap.kz парақшасында жарияланады. Кез келген елорда тұрғыны «Баршаға Мүмкіндік» модульдік пунктерде кеңес алып, оқуға жазыла алады.

Серіктес жаңалықтары