Ақмола облысында 27 жастағы ер адам танысын өлтіріп, көлігін ұрлап кеткен

Күдіктіні ұстауға бағытталған жедел – іздестіру іс-шаралары жүргізілуде

Ақмола облысында 27 жастағы ер адам танысын өлтіріп, көлігін ұрлап кеткен
polisia.kz

Ақмола облысында полиция танысып атып, көлігін ұрлап әкеткен 27 жастағы адамды іздестірілуде, деп хабарлайды turkystan.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Аумақтық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыс 21 қарашада сағат 01:30 шамасында болған.

«Макинск қаласының 27 жастағы тұрғыны өзінің танысы, 23 жастағы жергілікті тұрғынды атып өлтіргені анықталды. Күдікті қаза болған адамның «Toyota Land Cruzer Prado 150» автокөлігін ұрлап, оқиға орнынан қашып кетті. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел – іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Полиция департаментінің жеке құрамы мен күштері бағдарланған», - деді ПД баспасөз қызметінен.