Қазақстан – Сан-Марино ойыны: Қазақстан құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті

Негізгі құрамдағы «Тобыл» футболшысы Ислам Чесноков дубль авторы атанды.

Қазақстан – Сан-Марино ойыны: Қазақстан құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті
Фото: @aqorda_resmi
1011

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Сан-Марино командасын айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлады turkystan.kz.

Негізгі құрамдағы «Тобыл» футболшысы Ислам Чесноков дубль авторы атанды. Ол екі гол салды. Кездесу соңында пенальтиден Абат Айымбетов ойынның нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 3:1. 

Айта кетейік, ойынды тамашалауға Мемлекет басшысымен бірге ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері де келді.



Олардың арасында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген, мини-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака), футбол ардагерлері Михаил Гурман мен Вахид Масудов, бапкер Дмитрий Огай, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин және тағы басқалары бар.

Жалпы, бүгінгі ойынды тамашалау үшін стадионға 30 100 жанкүйер жиналды.

Серіктес жаңалықтары