Қазақстан Спартакиадасы: Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай жартылай финалға шықты

Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосынов 1/4 финалдағы қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Қазақстан Спартакиадасы: Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай жартылай финалға шықты
Фото: ҰОК
1675

Астанада өтіп жатқан бокстан Қазақстан Спартакиадасында 51 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шыққан боксшылар белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосынов 1/4 финалдағы қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Сәкен Бибосынов ширек финалда Ғаббас Дүйсекеевтен, Санжар Тәшкенбай Бекзат Алдамжаровтан басым түсті.

Жартылай финалда Бибосынов 2021 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Даниал Сәбитпен жұдырықтасады. Ал Тәшкенбай Дамир Әбдіқадырмен кездеседі.

Екі боксшының жартылай финалдағы жекпе-жегі ертең өтеді. 

Серіктес жаңалықтары