Елімізде жылына қанша бала шала туады?
Дүние жүзінде 17 қарашада 2009 жылы Еуропалық жаңа туған нәрестелерге күтім жасау қоры (EFCNI) құрған шала туған нәрестелер күні атап өтіледі.
Қазақстанда жыл сайын барлық жаңа туған нәрестелерден орта есеппен 20 - 22 мың бала (5%) мерзімінен бұрын туады. Бұл жүктілік кезінде 36 аптадан аз және дене салмағы 2500 грамнан аз туған балалар. Бұл туралы turkystan.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
2008 жылдан бастап біздің еліміз 500 грамнан аса төмен дене салмағымен жаңа туған нәрестелерге күтім жасай бастады. Барлық жаңа туған нәрестелердің жалпы үлесінде (500-999 гр.) 0,4%-ы дене салмағы өте төмен, ал 0,6%-ы дене салмағы төмен (1000-1499 гр.) болып туады.
«Осы салмақ дәрежесінде туған балалар ең осал топқа жатады. Күтім процесіне барынша назар аударылады. Арнайы білімді, дағдыларды, медицина қызметкерлерінің шыдамдылығын, жоғары кәсіби және моралдық қасиеттерді талап етеді. Жаңа туған нәрестенің әрбір сақталып қалған өмірінің артында кәсіпқойлар тобының орсан зор еңбегі тұр. Емдеу мен қарқынды күтімнің экономикалық шығындары мерзімінде туғандарда жасалатын күтімге жұмсалатын шығындармен салыстыруға келмейді», – делінген хабарламада.
Мерзімінен бұрын босанудың себептері әр түрлі факторлардың жиынтығынан туындайды - жүктіліктің кеш мерзіміне ауысу, ҚРТ-дан кейінгі жүктілік, экстрагениталдық патология және инфекциялар, аборттар, стресс факторлары және экстремалдық мінез-құлық, генетикалық факторлар, дұрыс тамақтанбау, жаман әдеттер және т. б.