Қазақстан ұлттық құрамасы Сан-Марино қақпасына 4 гол салады

Басты мақсат - алдағы 2 ойында екінші орындағы Данияны қуып жету.

Қазақстан ұлттық құрамасы Сан-Марино қақпасына 4 гол салады
KFF

Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы ЕURO-2024 аясында Сан-Марино құрамасымен кездеседі, деп хабарлады Turkystan.kz.

Доп додасы «Астана Арена» стадионында кешкі сағат 20:50-де Qazaqstan, Qazsport арналарының тікелей эфирінде көрсетіледі.

«Қазақстан бұл жерде оңай әрі өте қажет 3 ұпайға ие болуы керек, өйткені олар іріктеу турнирінде жеңіске жетпеген Сан-Мариноны қабылдайды. Басты мақсат - алдағы 2 ойында екінші орындағы Данияны қуып жету. Әзірге бұл тек математикалық есептеу болса да, Қазақстанның Еуро-2024-ке жолдама алу мүмкіндігі бар. Қазақстан Финляндияны 2:1 есебімен жеңді. Яғни, үміт бар. Болжам бойынша, Қазақстан жеңіске жетеді және матчта төрт немесе одан көп гол соғады» деп жазды Footyaccumulators.com сайты.

Жанкүйерлер: «Болжам орындалсын, Қазақстан ұлттық құрамасы жеңіске жетсін!» деп тілеп отыр.

Айта кетейік, 3 күннен кейін Магомед Адиевтің шәкірттері сырт алаңда Словениямен ойнайды.