Қазақстан – Сан-Марино матчы: Ертең Астанада арнайы шаттл-автобустар қатынайды

«Астана Арена» стадионына жүретін қоғамдық көліктің жұмысы күшейтіледі.

Қазақстан – Сан-Марино матчы: Ертең Астанада арнайы шаттл-автобустар қатынайды
Фото: janalyq.kz
1604

Осы жұма, 17 қараша күні «Астана Арена» стадионында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Сан-Марино құрамасы арасында матч өтеді. Осыған орай арнайы шаттл-автобустары қатынайды, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Матчтың басталуы – сағат 21:00-де. Осы күні «Астана Арена» стадионына жүретін қоғамдық көліктің жұмысы күшейтіледі.

Сондай-ақ жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін және жолдарда көлік кептелісін азайту мақсатында Астананың 5 тұрақ торабынан сағат 19:30-да арнайы шаттл-автобустары жүреді:

- «Астаналық цирк» автотұрағы;
- «Қазақстан» СК автотұрағы;
- «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;
- «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);
- «Жастар» сарайы тұрағы.

Ойын аяқталғаннан кейін футбол жанкүйерлері сондай-ақ, қосымша №№ 10, 12, 21, 26, 27, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және № 303 қала маңы бағдарларымен кете алады. Автобустар Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамаларда күтеді.

Жолақысы – 90 теңге. Жолақысын көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу арқылы төлеуге болады. Жеңілдігі бар көлік карталары жарамды.

 

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары