Салтанат Нүкенованың жақындары марқұмның орындалмаған арманы жайлы айтты

Тәлімгерінің айтуынша, Нүкенованың болашаққа жоспары үлкен еді.

Салтанат Нүкенованың жақындары марқұмның орындалмаған арманы жайлы айтты
ашық дереккөз
2373

Астанадағы мейрамханалардың бірінде өлтірілген Салтанат Нүкенованың туысқандары оқиға туралы толығырақ айтып, бірнеше естеліктерімен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz ASTANA арнасына сілтеме жасап.

Ағасы Салтанаттың қатыгездікпен өлтірілгенін айтады.

«Басында бірнеше ойықтар бар. Қалай басын тесіп жібергенін білмейміз. Қолы, денесі, арқасы да ойылған. Қарындасымның сау жері жоқ», – деді марқұмның ағасы Қайрат Нүкенов.

Туыстары, достары мен таныстары Салтанатты ақкөңіл, көңілді және табанды қыз ретінде еске алады. Ол астрологиямен айналысқан. Тәлімгерінің айтуынша, Нүкенованың болашаққа жоспары үлкен еді.

«Бәріне үлгергісі келетін. Оқу оқып, ізденісте жүретін және тележүргізуші бойынша кастингтерге барған. Оған қарап, қандай керемет жастар өсіп жатыр деп ойлайтын едім. Бойында мақсат, амбиция болды», – деді марқұмның тәлімгері Аида Ғалеева.

Салтанат Нүкенова 9 қарашада өлтірілді. Күдікті – күйеуі Қуандық Бишімбаев. Қазір экс-министр уақытша ұстау изоляторында отыр.

Осыдан кейін елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды талап етіп, оны жеке бап ретінде қарау ұсынылған еді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне Бишімбаевтың ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.

 

 

Серіктес жаңалықтары