Астанада есікті сындырып, шлагбаумды бұзғандар жазаланды

Жыл басынан бері елордалық полицейлер жүзден астам осындай заң бұзушылықты анықтады.

Астанада есікті сындырып, шлагбаумды бұзғандар жазаланды
tut-magaz.ru
889

Елордада вандализммен күрес жұмысы белсенді жүргізілуде. Қоғамдық тәртіп бұзушылар жедел түрде табылып, жауапқа тартылып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Таңғы сағат 6:00 шамасында үш жас жігіт елорданың тұрғын үй кешендерінің бірінің кіреберісіне кірген. Олардың бірі МИБ-тің техникалық бөлмесінің есігін тепкілеп, қатты зақымдады. Келтірілген залал 76 мың теңгеге бағаланды. Кінәлі адам табылып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша хаттама жасалды. Сот оған 69 мың теңге айыппұл салды.

Сонымен қатар белгісіз жүргізуші аулаға кіру үшін шлагбаумды бұзып өткен. Ер адамға 14 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Жыл басынан бері елордалық полицейлер жүзден астам осындай заң бұзушылықты анықтады.

Вандалдармен күреске құқық қорғау органдарымен бірге елордалық еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар да жұмылдырылады. «Тоқта, вандал» акциясы аясында олар рейд өткізіп, оның барысында бұзушыларды анықтайды және тұрғындар арасында түсіндіру жүргізеді.

Серіктес жаңалықтары