Жыл басынан бері темір жол көлігімен 16,6 млн жолаушы тасымалданды

Жолаушылар айналымы 2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 1,5%-ға төмендеген.

Жыл басынан бері темір жол көлігімен 16,6 млн жолаушы тасымалданды
inbusiness.kz

2023 жылдың қаңтар-қазан айларында теміржол көлігімен тасымалданған жолаушылар саны 16,6 млн адамды құрады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл көрсеткіш 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2% артық. Алайда жолаушылар айналымы 2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 1,5%-ға төмендеп, 13,6 млн ж-км құрады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жолаушылар жүрген ең танымал бағыт бұрынғыдай - Астана, 10 айдың ішінде 4,6 млн жолаушы елордаға билет сатып алд. Одан кейін Ақтөбе облысына – 1,5 млн жолаушы, үшінші танымал бағыт – Қызылорда облысы - 1,3 млн жолаушы.

2023 жылдың қаңтар-қазан айларында жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдаудан түскен табыс 100,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3% артық.