«Оңтүстік» және «Шығыс» әскерлерінің қолбасшылары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімі шықты.

«Оңтүстік» және «Шығыс» әскерлерінің қолбасшылары тағайындалды
sputnik.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшыларын тағайындады,  деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімдерімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды; Жеңіс Мұхамедқалиұлы Маралов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.