1443
Бишімбаев ісі: «Гастро-орталық» директоры 2 айға қамауға алынды
Ол ҚР Қылмыстық кодекснің 432-бабы бойынша күдікке ілінді
Астана қаласының Полиция департаменті «Гастро-орталық» директорының екі айға қамауға алынғанын мәлімдеді.
«BAU мейрамханасында әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында Гастро орталығының директорына қатысты бұлтартпау шарасы – 2 айға қамауға алу санкцияланды. Қылмысты жасырды деген ер адам ҚР Қылмыстық кодекснің 432-бабы бойынша күдікке ілінді. Қазіргі кезде тергеу жалғасуда, басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», - делінген ПД хабарламасында.
Еске салсақ, әйелін өлтірді деген күдікпен бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталған болатын. Экс-министр бұған дейін де істі болған. Ол 2018 жылғы наурызда 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол пара алу және ақша жымқыру істерінде айыпты деп танылған еді.