Астана әкімдігінің басқарма басшысы қамауға алынды

Ақпаратты антикордың баспасөз қызметі растады.

Астана әкімдігінің басқарма басшысы қамауға алынды
Ашық дереккөз
903

Астананың Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы ұсталды.

"Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Сот санкциясымен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген Антикор баспасөз қызметі мәлімдемесінде.

Елордалық соттың баспасөз қызметі 2023 жылдың 11 қарашасында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктінің үстінен екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялағанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары