Астанада қайғылы оқиға болған мейрамхана директоры ұсталды
«Гастро-орталық» директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өлімне қатысты тағы 3 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады turkystan.kz Астана қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, елордадағы мейрамханалардың бірінде ҚР ҚК-нің 99 (кісі өлтіру) бабымен әйелді өлтіру фактісі бойынша тергеу жалғасуда. Осы қылмысты жасады деген күдікті қамауға алынды.
«Қазіргі уақытта, тергеу органдары, оқиғаның барлық мән-жайларын, және нақты адамдардың кінәсін анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралардың барлық кешенін орындайды.Тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432, яғни (қылмысты жасыру) бабы бойынша қылмыстық іс жеке тіркелді, оның шеңберінде «Гастро-орталық» директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) 119-бабы 3-бөлігі (қауіп-қатерде қалдыру) бойынша қылмыстық істер тіркелді.
Тергеуді Астана қаласының Полиция департаменті тергеу басқармасы жүргізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында болады.