Кореяда жұмыс істеген әйел 8 жылдан кейін елге оралды
8 жылдан кейін аналары Оңтүстік Кореядан оралған отбасы
Әлеуметтік желіде 8 жылдан кейін аналары Оңтүстік Кореядан оралған отбасының видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол бала-шағасын таңғалдырып, маска киіп келген. Сосын шешкен кезде балалары қуанып, бәрі қуаныштан көз жастарына ерік берді. Желі қолданушылары ол әйелдің 8 жылда бірде-бір рет үйіне келмеді дегеніне таңғалып жатыр.
Айта кетейік, ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, Оңтүстік Кореяда 7-8 мыңға жуық Қазақстан азаматы заңсыз жұмыс істейді. Ал жақында осы мәселені көтерген Нартай Аралбайұлы ол жақта 20 мыңнан астам отандасымыздың заңсыз жұмыс істеп жүргенін айтқан.
Әлеуметтанушылардың пікірінше, Кореяда өзге мемлекеттен барған ер жұмысшыға күніне 100 доллардан жоғары, әйелдерге 50 доллардан жоғары төлейді.