Астанада балаларға арналған кезекті травматологиялық пункт ашылды
№2 қалалық емхананың базасында қосымша травматологиялық пункт ашылды
Астанада №2 қалалық емхананың базасында Сарыарқа және Байқоңыр аудандарында тұратын балаларға медициналық көмек көрсететін қосымша травматологиялық пункт ашылды. Оның ашылуына елорда әкімінің орынбасары Евгений Глотов қатысты, деп хабарлады Тurkystan.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Бүгін біз балаларға арналған травматологиялық пунктің ашылуында бас қосып отырмыз. Елордада жарақаттармен шұғыл көмек көрсетуді №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы жүзеге асырады. Балалар санының артуымен өтініштердің көбеюі мәселесі алдымыздан шықты: биыл 70 мыңнан астам бала №2 балалар ауруханасының травматологиялық пунктіне жүгінді, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен едәуір асып түсті. Бұл пунктің ашылуы балаларымыздың денсаулығы үшін маңызды», – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Евгений Глотов.
№2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының травматологиялық пунктіне өтініштерді талдау нәтижесінде, тек 5%-ы көрсетілімдер бойынша ауруханаға жатқызуды талап етеді, ал қалғандарына травматологиялық пунктің өзінде шұғыл медициналық көмек көрсетіледі, содан кейін оларды амбулаториялық бақылау үшін үйіне жібереді. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова мәлімдеді.
«Әсіресе, емдеудің негізгі бөлігі жеңіл жарақаттар, көгерулер, т.б. екенін атап өткен жөн. Осыған байланысты, осы травматологиялық пунктің ашылуы №2 МГДБ жанындағы негізгі травматологиялық пункке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді және осылайша балалар уақытылы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі деп ойлаймын. Сонымен қатар, ауруханаға жатқызу қажет болған жағдайда, балалар №2 МГДБ мамандандырылған травматологиялық бөлімшесіне жеткізіледі, онда оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі», – деді Әлия Рүстемова.