Сәрсен Құранбек Шымкент әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

"Сәрсен Абайұлы Құранбек Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды"

Сәрсен Құранбек Шымкент әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды
768

Бұған дейін Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарған Сәрсен Құранбек Шымкент әкімінің орынбасары болды, деп хабарлады turkystan.kz Шымкент әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Сәрсен Абайұлы Құранбек Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды", делінген хабарламада.

Сәрсен Абайұлы 1976 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін, Қазақтың спорт және туризм академиясын және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін философия пәнінің, дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, каратэ жаттықтырушысы, құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.

Серіктес жаңалықтары