Көп адам менің биімді көріп, құлдық санадан босады – Омар Жәлел

Желіде тараған биі туралы айтты.

Көп адам менің биімді көріп, құлдық санадан босады – Омар Жәлел
Фото: aikyn.kz
1443

Абайтанушы Омар Жәлел «Интеллигентно қу» жобасында жігіттерге кеңес беріп, желіде тараған биі туралы айтты, деп жазды turkystan.kz.

Оның айтуынша, ең үлкен билік – өнер.

«Құдаймен қашан байланысамыз? Дүниені ұмытқан кезде, ал біз дүниені ұмыта алмаймыз ғой. Тек билеген кезде, сурет салғанда, музыка шығарғанда, кітап жазғанда дүниені ұмытады. Ақпаратты Құдайдан ала бастайды. Тойға келіп томсарып, екі бұттың арасына қарап отқанша, билеген дұрыс емес пе? Топ жарып билей алмаған адам, жау келгенде ел шетіне де шыға алмайды ғой. Би - денені игеру, дененіңді игеру үшін ақылды болу керек. Өмірдің - өзі музыка, адам өзінің денесімен Құдайдың музыкасын қайталайды. Менің биім арам терді шығарады. Бүкіл әлем адамдары неге билейді? Денсаулығы үшін. Бізде біреу билесе, «қара анау жынданыпты» дейміз. Көп адам менің биімді көріп, құлдық санадан босады», - дейді ол. 

 

 

Серіктес жаңалықтары