Астанада #Бірге ақпараттық науқанының тұсаукесері өтеді

Жоба шеңберінде Қазақстан өңірлерінің қоғамдық орындарында тарату және көрсету үшін көрнекі материалдар – плакаттар, сыртқы жарнама баннерлері, қазақ және орыс тілдеріндегі анимациялық бейнероликтер ұсынылатын болады.

Астанада #Бірге ақпараттық науқанының тұсаукесері өтеді
opennews.kz

6 қарашада сағат 11:00-де «Қазмедиа орталығында» Қазақстанның барлық азаматтарының өзара құрмет құндылықтарын, тең құқығын, қоғамымыздың бірлігін сақтауды насихаттайтын #Бірге ақпараттық науқанының тұсаукесері өтеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақпараттық науқанды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен ынтымақтаса отырып, Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің қаржылай қолдауымен «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығының сарапшылары ұйымдастыруда.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің, «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығының өкілдері, өңірлік әкімдіктердің және Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері қатысады.

Таныстырылымда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин, Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Йоханнес Д.Рай, жоба редакторы – MediaNet Халықаралық журналистика орталығының сарапшысы     И. Братцев және Factcheck.kz бас редакторы Д. Смаков сөз сөйлейді.