«Қалың малы – 10 мың доллар»: екінші рет үйленген Заңғар Нұртастың құдалығынан видео тарады

Продюсер Гүлзира Айдарбекова құдаларына апарған қоржындарын көрсетті.

«Қалың малы – 10 мың доллар»: екінші рет үйленген Заңғар Нұртастың құдалығынан видео тарады
видеодан кадр

Айдарбековтер әулетінің кенже ұлы, Қайрат Нұртастың інісі екінші рет үйленді. Әлеуметтік желіде Заңғар Нұртастың құдалығынан видео тарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Продюсер Гүлзира Айдарбекова құдаларына апарған қоржындарын көрсетіп, дәстүр бойынша қалыңдықтың қалың малын берді. 

«Әке күші - 500 мың, ана сүті - 500 мың, қалың малы - 10 мың доллар, сонымен қатар, өлі-тірісі бар», - деді Гүлзира Айдарбекова.