Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы, допинг дауына қалған Нора Джеруто жарыстардан шеттетілмейтін болды

Нора Джеруто – Егемен Қазақстан тарихында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жеңіл атлетикадан бірінші әлем чемпионы.

Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы, допинг дауына қалған Нора Джеруто жарыстардан шеттетілмейтін болды
www.instagram.com/altayathletics

Қазақстандық «Алтай Атлетикс» клубының жеңіл атлеті Тануи Нора Джерутоның допинг дауына қатысты нүкте қойылды. Оның ақталғанын клуб өкілдері команданың ресми парақшасында жариялады.

«Сіздермен тамаша жаңалықты бөліскіміз келеді. Клубымыздың спортшысы Тануи Нора Джеруто 2023 жылдың сәуірінде допинг қолданып,барлық жарыстардан шеттетілсін деген айыптардан толығымен ақталды. Еске салайық, Нора Джеруто – Егемен Қазақстан тарихында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жеңіл атлетикадан бірінші әлем чемпионы. Ал 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындары қарсаңында бұл жақсы жаңалық, өйткені Нораның жеке нәтижесі әлемдегі 3000 метрге кедергілермен жүгірушілердің үздік үштігіне кіреді», – делінген хабарламада.