«Қазақстандағы бұрын-соңды болмаған құдалық»: Айдарбековтер жаңа келініне құда түсті (ВИДЕО)

Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында Шымкентте өткен құдалығын көрсетіп, бөлісті.

«Қазақстандағы бұрын-соңды болмаған құдалық»: Айдарбековтер жаңа келініне құда түсті (ВИДЕО)
Instagram/gulziraaidarbekova

Айдарбековтер әулетінің кенже ұлы Заңғар Нұртас жақында сүйіктісіне сөз салған болатын.

Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында Шымкентте өткен құдалығын көрсетіп, бөлісті.

«Шымкентте неше күннен бері неге жүргенімізді бәріңіз біліп отырған шығарсыздар. Иә, біз Заңғар ұлымыздың құдалық тойына келіп қалдық. Құдалық мың жылдық болсын! Қазақстандағы "ТОП" құдалықтың бірі болды. Құдаларымыз керемет адамдар екен», - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.