«Бесбаев Жанәбіловті қылқындырды»: МузАРТ тобының дайындығы жұртты шошытып алды

Видеода өнер иелері дауысқа арналған әртүрлі жаттығуларды дыбыстап, жаттығып жатқанын көруге болады.

«Бесбаев Жанәбіловті қылқындырды»: МузАРТ тобының дайындығы жұртты шошытып алды
Instagram/saken_maigaziyev
2036

Танымал МузАРТ тобының концерт алдындағы дайындығы елді күлкіге қалдырды.

Топ мүшесі Сәкен Майғазиев Instagram-дағы парақшасында бейнежазба жүктеп, «Сағындырған әндер-ай» музыкалық кешінде сахна сыртындағы дайындықтарын көрсетті.

Видеода өнер иелері дауысқа арналған әртүрлі жаттығуларды дыбыстап, жаттығып жатқанын көруге болады.

«Мейрамбек Бесбаев Кенжебек Жанәбіловті қылқындырды. Концерт алдындағы (распевка) дайындық», - деп жазды С. Майғазиев.

Жұлдызды топтың бұл іс-әрекетіне желі қолданушылары әртүрлі пікір жазуда.

«Зәрем ұшты «не болып қалды екен» деп. Бәрекелді, есесіне жанды дауыста», «Сіздерді танымасақ, мынау жындыхана дейтін едік», «Мейрамбек ағамыз театрда ойнап жүрген сияқты», деп жазды жұрт.

 

Серіктес жаңалықтары