Футболшы алаңда өзіне сары қағаз көрсеткен төрешіні нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

Мұнымен келіспеген ойыншы төрешіні сұлатып түсіріп, тағы да соққы жұмсауға тырысқан.

Футболшы алаңда өзіне сары қағаз көрсеткен төрешіні нокаутқа түсірді (ВИДЕО)
vesti.kz

Ресейде әуесқой лига аясында кездесу өткізген «Тлюстенхабль» мен «Изумруд» командаларының арасындағы ойын уақытынан бұрын аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ойынның 17-минутында «Тлюстенхабль» командасының ойыншысы Антон Гапон қарсыласына қатысты ойын ережесін бұзған. Төреші ойыншыны өзіне шақырып, сары қағаз көрсеткен. Мұнымен келіспеген ойыншы төрешіні сұлатып түсіріп, тағы да соққы жұмсауға тырысқан.

Ойынды дереу тоқтатып, «Тлюстенхабль» командасына техникалық жеңіліс нәтижесін тіркеді.