2038
Костенко шахтасында қаза болғандар саны 45-ке жетті
1 кеншіні іздеу әлі жалғасып жатыр
Қарағанды облысының Костенко шахтасында қаза тапғандар саны 45-ке жетті, деп хабарлады turkystan.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 45 адамның денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасуда.
Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде.
Кеншілер орналасуы мүмкін ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталуда.
Апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін ТЖ министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті.