Шахтадағы апат: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Қазірге дейін 36 кеншінің мәйіті табылды

Шахтадағы апат: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Tengrinews / Тұрар Қазанғапов
852

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы апаттан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, зардап шеккендер Мақажанов атындағы облыстық клиникаға және басқа да медициналық мекемелерге жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Қарағанды, Абай және Шахтинск қалалары стационарларының қабылдау-диагностикалық бөлімшелеріне барлығы 28 адам жеткізілді. Оның ішінде 24 адам емдеуге жатқызылды, - делінген ақпаратта.

20 адам «Мақажанов атындағы көпбейінді аурухана» ШЖҚ КМК токсикология бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Пациенттердің жағдайы қалыпты, детоксикациялық және симптоматикалық емдеу жүргізіліп жатыр.

Бір пациент жарақат алған, ол реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты, есін біледі.

Екі кенші улы газбен уланған, олар «Шахтинск қаласының орталық ауруханасы» КМК терапия бөлімшесінде жатыр.

Серіктес жаңалықтары