601
Ақтөбеде көктайғақ салдарынан 12 көлік соқтығысты
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ
28 қазанда Ақтөбе қаласында "Сельмаш" ауданындағы көпірде күн райының қолайсыздығына байланысты 12 көлік соқтығысты, деп хабарлады turkystan.kz.
Полиция департаменті жүргізушілер үшін ең қауіпті — дымқыл асфальт екенін еске салады. Жол төсемі тайғақ, сонымен қатар бетіне мұз қатқан. Бұл жағдайлар көлік құралдарының тоқтау жолының ұзаруына ықпал етеді. Жолдарда қауіпсіз жүру мақсатында полицейлер автокөлік құралдарының иелеріне жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауға кеңес береді.
Сондай-ақ өтпелі жолда немесе жол бойымен келе жатқан жаяу жүргіншілерге өте мұқият болу керек.