Костенко шахтасында 33 адам қаза болғаны анықталды

Қаза болған шахтерлердің біразының аты-жөні әлі нақтыланбаған.

Костенко шахтасында 33 адам қаза болғаны анықталды
rawpixel

Соңғы дерекке сай, Костенко шахтасында 33 адам қаза болғаны анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының директоры Геннадий Силинский мәлімдеді.

«Жалпы шахтадағы 33 адамды таптық. 13 кеншіні іздестіріп жатырмыз. Құтқарушылар ондағы өртті ауыздықтады. Зардап шеккендерді апат болған учаскеден шығарғаннан кейін, бар күш-жігерді шахтаның шығыс бөлігіндегі жұмыстарға бағыттаймыз», - деді Г.Силинский Kazinform тілшісіне берген сұхбатында.