960
Бір сағаттың ішінде тағы 5 адамның мәйіті табылды
Газ жағдайын бақылау, сынамаларды алу, сондай-ақ табылған денелерді шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Костенко атындағы шахтада сағат 16:00-дегі жағдай бойынша 32 адамның денесі табылды. Әлі 14 кеншіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды, – делінген ТЖМ хабарламасында.