Жарты жылда 20 мың адамнан қатерлі ісік анықталды

Сүт безі мен жатыр мойны обыры жасарып барады.

Жарты жылда 20 мың адамнан қатерлі ісік анықталды
freepik.com
715

Биыл жарты жыл ішінде 20 мың адамнан қатерлі ісік белгілері анықталды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 40 мыңнан асуы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz.

«Хабар 24» арнасының мәліметінше, әсіресе сүт безі мен жатыр мойны обыры жасарып барады. Оған асқазан мен өкпе дерті де қосылып отыр. Бұл туралы Онкологтар мен радиологтардың құрылтайы кезінде айтылды.

Енді Жетісу және Ұлытау облыстарында жаңа онкологиялық орталықтар салу жоспарда. Жуырда Алматы өңірінде жылжымалы қажетті құрал-жабдықтар алынды. Енді заманауи құрылғылар Ақтөбе және Қызылорда облыстарына да жеткізіледі.

«Бүгін онкологтар мен радиологтардың ІХ құрылтайы өтіп жатыр. Ауқымды жиын 2 жылда бір мәрте өткізіліп отырады. Әлемнің 25 елінен 250 спикер келді. Отандық мамандар шетелдік әріптестерімен тың технологиялар туралы әңгімелесіп, тәжірибе алмасып жатыр. Салада ілгерілеу бар. Аты жаман ауруды ерте анықтау көрсеткіші 30%-ке дейін өсті. Сүт безі обыры бар қыз-келіншектердің 5 жылдық өмір сүру ұзақтығы 70%-тен асты. Дертті кеш анықтау азайды», – деді Қазақстан онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басшысы Диляра Қайдарова.

 

Серіктес жаңалықтары