Пара Азиада – 2023: қазақстандық спортшылар бір күнде 7 медаль алды

Оның ішінде 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль бар.

Пара Азиада – 2023: қазақстандық спортшылар бір күнде 7 медаль алды
Фото: gov.kz
1996

Алтыншы күннің қорытындысы бойынша Азия пара ойындарында Қазақстан қоржынына 7 медаль түсті, деп хабарлады turkystan.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Оның ішінде 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль бар.

Алтын медаль иегерлері  – Дастан Мұқашбеков – пара жеңіл атлетика, Диас Кенжебек  – пара жүзу;

Күміс медаль иегерлері  – Раушан Қойшыбаева  – пара пауэрлифтинг;

Қола медаль иегерлері  – Кенжеғұл Сейітжан, Антон Лаврентьев – пара велоспорт, Әлімжан Аяпов, Серік Солтанов – шахмат (командалық), Иван Залезняк – пара жеңіл атлетика, Рахметжан Хамаев – пара пауэрлифтинг.

Серіктес жаңалықтары