Жәнібек Әлімханұлы Канеломен қолғап түйістіреді

«Канелоға Хайме Мунгиямен бокстасу абырой әпермейді»

Жәнібек Әлімханұлы Канеломен қолғап түйістіреді
ашық дереккөз

Орта салмақтағы WBO, IBF титулдарының иегері, отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Канело Альвареспен (62-2-2 39 КО) қолғап түйістіруі ықтимал қарсыластардың тізіміне енді, деп хабарлады Turkystan.kz.

Америкалық сарапшы Шон Джонс Канело, Дэвид Моррелл, Дмитрий Бивол, Артур Бетербиев, Жәнібек Әлімханұлы сияқты мықтылармен күш сынасуы тиіс екенін мәлімдеді.

«Канелоға Хайме Мунгиямен бокстасу абырой әпермейді. Өйткені Хайме Мунгия тек «қапшықтармен» бәсекелескен боксшы», – деді сарапшы boxingnews порталына жазған мақаласында.

Естеріңізге салайық, ESPN тілшісі Сальвадор Родригез бұған дейін әлеуметтік желіде Хайме Мунгия Канеломен мамырда кездесу мүмкін екенін айтқан болатын.