Алматы облысында 35 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Жалпы, жыл басынан бері мемлекет меншігіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы ауданы 51.4 мың гектар 55 жер учаскесі қайтарылған.
Алматы облысында 35 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады turkystan.kz Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі биылғы қыркүйектен қазірге дейін жалпы ауданы 35.5 мың гектар болатын 20 пайдаланылмайтын жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарған.
Осылайша Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен мемлекет меншігіне Еңбекшіқазақ ауданы бойынша ауданы 247,4 га 1 учаске, Жамбыл ауданы бойынша ауданы 29.2 мың га 8 учаске, Іле ауданы бойынша ауданы 931.6 га 1 учаске, Қарасай ауданы бойынша ауданы 7 га 1 учаске, Кеген ауданы бойынша ауданы 1.5 мың га 1 учаске, Талғар ауданы бойынша ауданы 558.1 га 1 учаске және Қонаев қаласы бойынша ауданы 2.9 мың га 7 учаске қайтарылды.
Қайтарылған жерлер бойынша бөлу жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.
Жалпы, жыл басынан бері мемлекет меншігіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы ауданы 51.4 мың гектар 55 жер учаскесі қайтарылған.