Астанада бильярд турнирі өтіп жатыр (ВИДЕО)
«Амандық жамандықты жеңеді».
Астанада «Elorda Aqparat» медиахолдингінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орайластырылған журналистер мен қаламгерлер арасында бильярдтан турнир өтіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.
Осымен екінші рет өткізіліп отырған дәстүрлі жарыста бильярдтан әлемнің 2 дүркін чемпионы Ернар Чимбаев бас төреші қызметін атқаруда.
Турнирге айтулы ақын-жазушылар, Парламент депутаттары, журналистер, медиаменеджерлер, баспасөз хатшылары қатысуда.
Бильярд бәсекесі «Elorda Aqparat» ЖШС директоры Олжас Сыдықбектің құттықтау сөзімен, Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимовтің тілегімен, этнограф-ғалым, белгілі жазушы Қойшығара Салғараұлының батасымен басталды.
Жеңімпаздарға арналған жүлде қоры қомақты қаражатты құрайды.
Турнир қорытындысында ерекше ойын өрнегімен көзге түскен тастаяқшыларға биыл елімізде мерейтойлары аталып өтіп жатқан қазақтың қабырғалы қаламгерлері атындағы арнаулы сыйлықтар тағайындалады. Бұған қоса «Мәдениетті ойыншы», «Алғашқы шар», «Мерген ойыншы», «Шебер ойыншы», «Үздік дуплет» аталымдарының жеңімпаздары марапатталады.