Магистратурадан грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Тізімге сәйкес, ғылыми-педагогикалық магистратура бағдарламасына - 3860, бейінді магистратураға 467 грант бөлінген.

Магистратурадан грант иегерлерінің тізімі жарияланды
ашық дереккөз

Ұлттық тестілеу орталығы 2023-2024 оқу жылына магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтына сілтеме жасап.

Тізімде мамандықтардың кодтары, білім беру бағдарламаларының нөмірлері мен атаулары, әр білім беру бағдарламасы бойынша гранттар саны белгіленген.

Тізімге сәйкес, ғылыми-педагогикалық магистратура бағдарламасына - 3860, бейінді магистратураға 467 грант бөлінген.

Гранттар тізімін мына жерден көруге болады.