Құда түсуге полиция формасымен келген жігіт жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

Инспектор түскі үзіліс уақытында өзінің қалыңдығына құда түсуге барып үлгерген.

Құда түсуге полиция формасымен келген жігіт жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)
polisia.kz

Құда түсуге формада келген полиция қызметкері өз әрекетімен әлеуметтік желіні тәнті етті, деп хабарлады turkystan.kz.

15 қазанда Шу қаласында аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік инспекторы түскі үзіліс уақытында өзінің қалыңдығына құда түсуге барып үлгерген.

ІІМ-нің мәліметінше, бұл іс-шараға ол полиция формасында барған.
 

«Осындай ерекше күнде нысанды киімде болу мен үшін үлкен мәртебе болды. Өйткені мен бала кезімнен полиция қызметкері болуды армандадым. Бұл күн біздің жадымызда мәңгі қалатыны сөзсіз, болашақта мен балаларыма осы тарихи сәтті мақтанышпен көрсететін боламын», - деді жас офицер.

«Лейтенант Мамедовтың іс-әрекетінде бұзушылықтар орын алмаған, ол өзінің түскі үзілісін пайдаланған. Қызмет етіп жүргеніне қысқа мерзім болғанына қарамастан, учаскелік инспектор жүктелген міндеттерді өте жақсы орындайды. Ол әріптестерінің құрметіне және өзіне бекітілген әкімшілік аумақ тұрғындарының сеніміне ие болды», - деп атап өтті Шу АПБ бастығы Асхат Алметов.