Абай Бегей мен әйелінің құдалықтағы әрекеті желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Әнші мен әйелінің құдалықта келіннің артынан келген көрпеге жатып, аунаған әрекеті көпшіліктің талқысына түсті.

Абай Бегей мен әйелінің құдалықтағы әрекеті желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
ашық дереккөз

Белгілі әнші Абай Бегей жақында үлкен ұлын үйлендірген болатын. Өнер иесі мен әйелі құдалықта келіннің артынан келген көрпеге жатып, аунап, ырымын жасады. Әншінің өзі де «Мұндай да бар екен ғой» деп таңқалысын жасырмады.

 «Құдалық, жүк көрсету. Басқа қаладан қыз алғанның өз қызықтары бар екен, Маңғыстауда жоқ салттарды көріп, қызықтап жүрміз. Барынша екі жаққа ортақ қылып жасадық. Төрт күн қатарынан көріп, құдалармен туысқандығымызға бүгін мөр қойылып жатыр. Шымкент Алматы арасында алтын көпір салынды, тек осындай жақсы күндерде жолығайық. Құда-құдағиымызға риза болдық, неше күннен бері түрлі сый-сияпат, гауһар тас, шапандарын жаудырып жатыр. Жастар бақытты болсын» деп жазды әншінің қызы.

Әлеуметтік желі қолданушылары мұндай дәстүрді мәдениетті көрінбейтінін және ерсі әрекет екенін жазуда.

«Шымкенттің осы дәстүрі бір түрлі», «Жастардың төсегіне бөтен адам жатуға болмайды», «Осы, тіпті ұят», «Ерсі көрінеді», «Бұл қайдан шыққан ырым?», «Осы енді дұрыс емес-ау» деп жазды желідегілер.